Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді (фото)

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілгенін хабарлады.

"Оның құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, ауылдардың, өңірлердің және шығармашыл жастардың өкілдері, "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері, Президенттік кадр резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары кірді.

Бұл жастардың барлығы өз саласының майталмандары саналады. Жастардың өзекті проблемаларын жақсы біледі. Әртүрлі жас буынның арасында зор бедел мен сенімге ие", - деп жазды Ерлан Қарин.

Мемлекеттің хатшының сөзінше, жаңа құрам жастар саясатын жетілдіруге байланысты тұжырымдамалық құжаттар мен ұсыныстарды әзірлеуге атсалысады.

"Жақында Кеңестің мүшелерімен ZOOM арқылы кездесіп, алдағы жоспарларымыз бен жұмыс тәртібін ақылдастық. Кеңес ел дамуының жаңа кезеңінде күн тәртібінде тұрған жастар мәселесін шешудің нақты алаңына айналады деп үміттенемін", - дейді Ерлан Қарин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959281-prezident-zanyndagy-zastar-sayasaty-zonindegi-kenestin-zana-quramy-bekitildi-foto/

pixel