jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Зеленский кеңсесі Ресеймен келіссөздердің үшінші кезеңі жақын уақытта өтетін хабарлады

    Ресей Украина ту
    Көрнекі фото: news-front.info

    Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раунды жақын арада өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

    "УНИАН – Украина жаңалықтары" Telegram арнасының жазуынша, Подоляк келіссөздердің жаңа кезеңі ертең немесе арғы күні өтетінін хабарлаған.

    Бұл ретте ол тараптардың бір-бірімен тұрақты байланыста екенін баса айтыпты.

    Сондай-ақ, Подоляктың сөзін жариялаған РИА Новости тұтқындарды алмасу украиндық тарап үшін келіссөздердің "бір нұсқасына" айналатынын хабарлады.

    "Адамдарды өлтірмеу үшін біз кез келген уақытта (келіссөздерге – ред.) барып, әрі қарай жұмыс істеуге дайынбыз", - дейді кеңесші.

    Сонымен қатар, ТАСС агенттігінің ақпаратынша, Подоляк келіссөздердегі Ресей ұстанымы Украинаның ұстанымы сияқты қатал екенін мойындады.

    "Ресей Федерациясының ұстанымы қатал. Бірақ, жалпы Украинаның және Украина Жоғарғы қолбасшысының ұстанымы да қатал, сондықтан келіссөздер қиын болады, бірақ жалғасаын табады", - деп түсіндірді ол.
    Свежая публикация по теме:
    Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

    Спикердің айтуынша, Украина тарапына Ресейдің ұстанымы анық түсінікті, сондықтан жұмыс істеу ыңғайлы.

    Украина делегациясының тағы бір мүшесі, билеуші "Слуга народа" партиясының парламенттік фракция жетекшісі Дэвид Арахамияның айтуынша, Киев пен Мәскеу "әйтеуір бір келісімге келу үшін" жабық есік жағдайында келіссөздер жүргізуге келіскен.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Беларусьте өткен Ресей-Украина келіссөздерінің екінші кезеңі аяқталғаны туралы хабарлаған едік.

    Зеленский кеңсесі Ресеймен келіссөздердің үшінші кезеңі жақын уақытта өтетін хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.