Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Ердоғанның шақыртуымен Түркияға келді (фото)

Опубликовано:

Елбасы Түркияда
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Анталия қаласына келді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

Айдос Үкібайдың сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен ADF2022 дипломатиялық форумына қатысу үшін Анталияға келген.

"Анталия дипломатия форумы - бұл ғаламдық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатын дискуссиялық алаң. Бұл жолғы форум "Дипломатияны қайта кодтау" тақырыбында өтеді", - дейді Айдос Үкібай.

Елбасы Түркияға келді
Фото: twitter.com/Aidos_Ukibay

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1959950-elbasy-erdogannyn-saqyruymen-turkiyaga-keldi-foto/

pixel