Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мархабат Жайымбетов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Мархабат Жайымбетов
Мархабат Жайымбетов. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа орынбасарының қызметіне сәттілік тіледі.

"Мархабат Жайымбетұлы құрылыс, сәулет, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі салаларына жетекшілік жасайтын болады.

Әр түрлі салада жинақтаған мол тәжірибесін облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен, үздіксіз энергетикамен, газбен қамтамасыз ету және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, табиғи монополиялар субьектілерін реттеу, коммуналдық қызметтерге тарифтерді белгілеу бойынша қарқынды жұмыс атқарады деп сенемін. Жаңа қызметіңізбен құттықтай отырып, алдағы атқарар жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!", - деді Әбдіқалықова.

Жайымбетов Мархабат 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Волгоград ауылшаруашылық институтын, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. Экономика және менеджмент PhD докторы.

Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда қаласындағы "ГлавАгроРемМаш" жөндеу механикалық зауытының энергетигi болып бастаған.

1993-2005 жылдары аймақтың мұнай-газ салаларында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

Әр жылдары Қызылорда облысы бойынша ТЖД бастығы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласының әкімі, Арал ауданының әкімі, Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы сынды лауазымдарды атқарды.

2021 жылдың мамыр айынан бастап бүгінге дейін Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің кеңесшісі болып қызмет еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960070-marxabat-zaiymbetov-qyzylorda-oblysy-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel