Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев брондалған дөңгелекті техника шығаратын зауытқа барды (фото)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" зауытына барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада брондалған дөңгелекті техника шығаратын және жаңартатын "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" зауытын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке отандық брондалған дөңгелекті машина шығару үдерісі көрсетілген және қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорны өнімдерінің көрмесі таныстырылған.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" зауытына барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына компанияның жұмысы мен отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жағдайы жөнінде де мәлімет берілген.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" зауытына барды
Фото: Ақорда

Зауытты аралап шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланы дамытудың перспективті бағыттарын айқындап берді.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" зауытына барды
Фото: Ақорда

Сондай-ақ, мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қолдау қажет екенін атап өтіп, шығаратын өнімдерді техникалық тұрғыдан заман талабына сай жаңартуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960111-toqaev-qazaqstan-paramaunt-inziniring-zauytyna-bardy-foto/

pixel