Данияр Қадыров ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Үкімет қаулысымен Данияр Рамазанұлы Қадыров ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Одан бөлек, үкімет басшысының баспасөз қызметі білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған Бибігүл Амангелдіқызы Асылова берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылғанын атап өтті.
Ал бұл лауазымға тағайындалған Данияр Қадыровқа келсек, ол 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Мәдениет министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
2000-2004 жылдары - Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарған.
2004-2005 жылдары - БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;
2005-2007 жылдары - Степногорск қаласы әкімінің орынбасары;
2007 жылы Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі;
2007-2013 жылдары - Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі;
2013-2015 жылдары - Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі;
2015-2019 жылдары - "ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры қызметтерін атқарған.
2019 жылдан бастап қазірге дейін Президент әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960183-daniyar-qadyrov-aqparat-zane-qogamdyq-damu-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/