Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды

Опубликовано:

Кентау әкімі
Фото: Instagram/the_rashid_ayupov

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, президент әкімшілігінің келісімімен Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

Өмірзақ Шөкеев жаңа әкімді таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды басты назарға алуды міндеттеді.

Одан бөлек, Шөкеев 100 мыңнан астам тұрғыны бар Кентау қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында дүниеге келген.

2019 жылдың шілде айынан 2021 жылға дейін Түркістан қаласының әкімі болды.

Жаңа қызметіне дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960234-rasid-ayupov-kenteu-qalasynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel