Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады

Опубликовано:

Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады,
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке ұлттық газ компаниясының қазіргі жұмысы туралы және ішкі нарықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды.

Санжар Жаркешов газ саласын дамытудың кешенді жоспарының әзірленуі жөнінде де баяндады. Аталған жоспар ресурстық базаны кеңейтуді және еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді.

Мемлекет басшысына сатып алу жүйесінің ашықтық деңгейін арттыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ұлттық компанияның кадр саясатындағы өзгерістер жөнінде ақпарат берілді.

Одан бөлек, кездесуде құбылмалы геосаяси жағдайға байланысты туындайтын сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар талқыланған.

Кездесу қорытындысы бойынша президент ұсынылған шешімдерді қолдап, толық аудит ұйымдастыру және компания қызметіндегі транспаренттілікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960243-toqaev-qazaqgaz-uk-aq-basqarma-toragasy-sanzar-zarkesovti-qabyldady/

pixel