Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

Опубликовано:

Тоқаев Дархан Қыдырәліні қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізілетін іс-шаралар жайлы мәлімет берілді.

Сонымен қатар президентке Халықаралық Түркі академиясы шығарған "Түркі әлемі атласы" мен бес мың жылдық антропологиялық тарихымызды баяндайтын кітаптар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының бастамаларына жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдаған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесінің қазіргі жағдайы мен сот төрелігіне қатысты өзекті мәселелер туралы ақпарат берілді.

Жақып Асановтың айтуынша, былтыр аудандық соттар шығарған 1,2 миллион сот шешімінің 1,4 пайызын немесе 17 мың істі жоғарғы сатыдағы соттар кері қайтарған немесе өзгерткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960319-toqaev-turki-akademiyasynyn-prezidenti-darxan-qydyralini-qabyldady/

pixel