Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжілістің тағы бір депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен бейнебайланыс режимінде ведомствоның отырысы өтті. Оның барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды, деп хабарланды орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында.

"Конституцияның 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп қаулы етті.

Депутат Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді", - делінген ҚР ОСК сайтында.

Ал күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасының орынбасарын ауыстырды. Қазақстан президенті қол қойған ресми құжаттар Ақорда сайтында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960371-mazilistin-tagy-bir-deputatynyn-okilettigi-merziminen-buryn-toqtatyldy/

pixel