Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан үкіметі маңызды мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Үкімет
Фото: Премьер-министр сайты

Қазақстан үкіметі интернетте қолайсыз сыртқы макроэкономикалық жағдайларға байланысты туындайтын проблемалар жайында хабарламалардың жиілеуіне түсініктеме беріп, мәлімдеме жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қолайсыз сыртқы экономикалық құбылыстарға жедел ден қою шеңберінде Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимылдар жоспарын іске асырып жатыр.

Атап айтқанда, қаржы нарығының орнықтылығын және теңгемен ашылған депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін теңге салымдарын қорғау бағдарламасын әзірледі.

"Екінші деңгейдегі банктерде 2022 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша, шамамен 15,3 трлн теңге немесе активтердің 40% құрайтын өтімділігі жоғары активтердің біршама қоры бар.

Еркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне уақытылы және толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Банктердің өтімділік бойынша пруденциялық нормативтері реттеушінің ең төменгі талаптарынан төрт еседен астам артық", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, бағаның өсуін тежеу мақсатында Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырып жатқанын хабарлады.

Ол өнім өндіру көлемін ұлғайтуға, сақтау мен логистикаға, бөлшек саудаға, баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуге бағытталған жедел және орта мерзімді сипаттағы іс-шаралардан тұрады.

"Жалпы, Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұл үшін күн сайын Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырыстары өткізіледі. Оның шеңберінде экономикалық жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері бойынша шешімдер пысықталады.

Халықты үрейленбеуге және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз. Арандатушылық сипаттағы анық емес және жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік көзделгенін атап өтеміз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960506-qazaqstan-ukimeti-manyzdy-malimdeme-zasady/

pixel