Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Макрон Украинадағы соғыс туралы Зеленский және Байденмен сөйлесті

Опубликовано:

Франция және Украина президенттері
Фото: Ludovic Marin/AFP/Getty Images

Кеше, 13 наурызда Франция президенті Эммануэль Макрон мен Джо Байден телефон арқылы сөйлесіп, Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге келісті, деп жазады Елисей сарайының сайты.

Сондай-ақ, екі ел басшылары Украинадағы әскери әрекеттерді тоқтату үшін бірлескен іс-қимыл жасау туралы шешімге келді.

Бұл ақпаратты Ақ үй ресми түрде растап отыр.

"Президент Джозеф Р. Байден бүгін Франция президенті Эммануэль Макронмен Ресейдің Украинаға қарсы соғысын талқылау үшін сөйлесті", - делінген хабарламада.

Макрон Байденге БАҚ өкілі Бренд Реноның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Сонымен қатар, кеше Франция басшысы Украина президенті Владимир Зеленскиймен де сөйлесті.

"Ол (Макрон - ред.) өзінің толық қолдауын білдірді және Еуроодақ Версаль саммитінде қабылданған қосымша көмек туралы оған (Зеленскийге - ред.) айтып берді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960524-makron-ukrainadagy-sogys-turaly-zelenskii-zane-baidenmen-soilesti/

pixel