Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ербол Әліқұлов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Ербол Әліқұлов
Ербол Әліқұлов. Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты

Ербол Әліқұлов Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық даму жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігі ресми сайтында.

Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек аппараттық кеңесте мәлімдеді.

"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Әліқұлов Ербол Шымкентбайұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында Қарағанды облысына жетекшілік етті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен жақсы таныс", - деді облыс әкімі.

Әкім орынбасары лауазымында Ербол Әліқұлов білім беру, мәдениет, спорт, жастар саясаты, тілдерді дамыту салаларына жетекшілік ететін болады.

Ербол Әліқұлов 1974 жылы дүниеге келген. "Психолог", "заңгер", "экономист" мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1996 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы қайырымдылық қорының "Кәусар бұлақ" баспасы директорының орынбасары болып бастаған.

2002 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істейді.

Әр жылдары Алматыда Түрксіб және Алмалы аудандары әкімінің орынбасары, Жетісу ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Кейін Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болған, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде де басшылық қызметтер атқарған.

2017 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960668-erbol-aliqulov-qaragandy-oblysy-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel