Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы Панфилов ауданына жаңа әкім тағайындалды

Жарияланған күні:

Марат Сағымбек
Марат Сағымбек. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімінің өкімімен Марат Рахымбердіұлы Сағымбек Панфилов ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

Марат Рахымбердіұлы Сағымбек 1966 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын астық сақтау және өңдеу технологиясы, Әулие Ата университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Панфилов ауданы Киров атындағы колхоздың құрылысшы болып бастаған.

Әр жылдарда Панфилов ауданы Киров атындағы колхоздың саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, Панфилов ауданы Бірлік ауылы төрағасының орынбасары, ауылдық кеңес төрағасының орынбасары, төрағасы, депутаты, Панфилов аудандық әкімшілігі аппаратының басшысы, Жаркент қаласының шағын және орта бизнесті қолдау қоры бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, Қаржы министрлігі Кеден комитетінің Панфилов ауданындағы "Бахты" жолаушылар бөлімінің инспекторы, "Қорғас" кедендік бақылау департаментінің кедендік күзет және тәртіп бөлімінің инспекторы, Талдықорған қалалық Әділет басқармасының паспортшысы болған.

Одан бөлек, Алматы облысы Әділет департаментінің Діни істер жөніндегі бөлімінің бастығы, Панфилов аудандық Әділет басқармасының басшысы, Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының басшысы, Алматы облысының Әділет департаментінде әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін Алматы облысы Әділет департаменті Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының басшысы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960675-almaty-oblysy-panfilov-audanyna-zana-akim-tagaiyndaldy/