Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джо Байден вице-президент Камала Харристі "бірінші ханым" деп таныстырды

Опубликовано:

АҚШ
Фото: Pete Marovich/Abaca/Bloomberg/Getty Images

Америка көшбасшысы Джо Байден Ақ үйде өткен шарада вице-президент Камала Харристі өзінің әйелімен шатастырып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жиналыста орынбасары Камала Харрис болмағандықтан, қатысушылардың реті өзгергенін айтқысы келген АҚШ президенті "бірінші ханымның күйеуі" ауырып қалды деп шатасты.

"Сахнада қатысушылардың арасында тәртіп аздап өзгерді. Бірінші ханымның күйеуі COVID-19-бен ауырып қалды", - деп атап өтті Джо Байден.

Содан кейін Джо Байденнің әйелі, бірінші ханым Джилл оны түзетті.

Қатысушыларды ду күлкіге қалдырған Джо Байден өзінің бірінші ханымның жұбайы екенін "мойындады".

Бұған дейін Джо Байден Камала Харристі бірнеше рет "АҚШ президенті" деп айтқан.

Ал наурыз айында ол АҚШ Конгрессі алдында сөз сөйлеп, украиналықтарды ирандықтар деп шатастырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960948-dzo-baiden-vice-prezident-kamala-xarristi-birinsi-xanym-dep-tanystyrdy/

pixel