Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Солтүстік Корея баллистикалық ракетаға ұқсас "снаряд" ұшырды

Опубликовано:

Зымыран
Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяның штаб бастықтарының біріккен комитеті Солтүстік Корея 16 наурыз күні таңғы уақытта Пхеньяндағы Сунан ауданынан белгісіз снарядты ұшырғанын, бірақ көп ұзамай істен шыққан болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Ренхап жаңалықтарына сілтеме жасап.

"Оңтүстік Корея мен АҚШ барлау агенттіктері снарядтың түрі сияқты сипаттамаларды одан әрі талдауда", – деп мәлімдеді комитет.

Оңтүстік Кореяның әскерлері "бұл снаряд жаңа континентаралық баллистикалық зымыран ба?" деген мәселені анықтап жатыр.

"Снаряд бастапқы кезеңде белгіленген биіктікке жете алмады деп есептеледі (биіктік жинау барысында)", – деп толықтырған комитет снаряд іске қосылғаннан кейін жарылып кетуі мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен қатар, бұл биылғы жылы Солтүстік Корея ұшырған зымыранның оныншысы екендігі атап өтілді.

Бұған дейін БҰҰ есебінде Солтүстік Корея өзінің зымыран бағдарламасын миллиондаған долларға ұрланған криптовалюта есебінен қаржыландыратыны туралы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960958-baq-soltustik-koreya-ballistikalyq-raketaga-uqsas-snaryad-usyrdy/

pixel