Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арасында белгілі адамдар болды": Тоқаев төңкеріс жасауға ұмтылғандар туралы айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
фото: akorda.kz

Бүгін Нұр-Сұлтандағы мәжіліс залында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған жолдауын бастады. Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасында сатқындық жасағандарға тоқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді.

Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960965-satqyndyq-zasagandar-arasnyda-lauazym-ieleri-bar-toqaev-tonkeris-zasauga-umtylgandar-turaly-aitty/

pixel