Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясының квотасын жоямыз

Опубликовано:

Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев.Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған жолдауында Мәжілісте Қазақстан халқы ассамблеясы квотасын жоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Парламенттің төменгі палатасы ешкімге жасанды артықшылық бермей, ел сайлаушыларының барлық ландшафтын көрсетуі керек. Осылайша, біз Мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясының квотасын жоямыз, бұл менің ойымша, саяси жағынан да, құқықтық тұрғыдан да дұрыс. Бұл квота Сенатқа беріліп, ол 9-дан 5-ке дейін қысқартылады", - деді президент.

Сәйкесінше, осыған байланысты мәжілістегі жалпы депутаттық орын азаяды.

Айта кетейік, Президенттің жолдауында жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960966-toqaev-mazilistegi-qazaqstan-xalqy-assambleyasynyn-kvotasyn-zoyamyz/

pixel