Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынбақ

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Осыған дейін саяси реформалардың төрт топтамасын ұсынғанын айтқан президент еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынатынын мәлімдеді.

"Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол бұл өзгерістерді жұртқа жағыну үшін жасамайтынын айтты.

"Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960967-toqaev-elimizzdin-sayasi-zuiesin-kesendi-zangyrtu-bagdarlamasyn-usynatynyn-aitty/