Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев1
Фото: Ақорда

Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек.

Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.

Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық.

Мен қашанда бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960970-qasym-zomart-toqaev-bugingi-zoldaudyn-man-manyzy-airyqsa/

pixel