Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев биыл "Аманат" партиясының төрағалығынан кететінін жария етті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында президент қызметіне қатысты сөз қозғады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінде елімізде барлығы президенттің төңірегінде өрбиді, бұл дұрыс емес. Біз бұл тәжірибеден біртіндеп бас тартуымыз керек. Мен үшін билік пен ситуациялық ықпалдың кез келген қосымша тетіктерінен гөрі мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесі маңызды", - деді президент.

Сонымен қатар, президент биыл "Аманат" партиясының төрағалығынан кетуге ниетті екенін мәлімдеді.

"Мен биыл "Аманат" партиясының төрағалығынан кетейін деп отырмын. Президенттiң өз өкiлеттiгi мерзiмiнде партия мүшелiгiн тоқтату мiндетiн заңмен белгiлеудi ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуына тең жағдай жасайды", - деді ол.

Одан бөлек, Тоқаев әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заңмен тыйым салу қажеттігін айтты.

"Әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заңды түрде тыйым салу қажет. Мұндай шешімдер көп полюсті партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960983-toqaev-buginde-elimizde-barlygy-prezidenttin-tonireginde-orbidi-bul-durys-emes/

pixel