Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету керек

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдауы барысында мәслихаттарға баса мән беру керектігін айтты. Мемлекет басшысы олардың дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізу қажет екенін мәлімдеді деп жазады KZZ.NUR.KZ тілшісі.

"Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн. Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды.

"Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет. Осы орайда, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960986-prezident-maslixattardyn-rolin-arttyryp-derbestigin-qamtamasyz-etu-kerek/