Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Конституциялық сот құруды ұсынды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған жолдауында елімізде Конституциялық сот құруды ұсынды, деп жазады КAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын. Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін берген жөн. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін", - деп мәлімдеді президент.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынатынын айтты.
"Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, ол бұл өзгерістерді жұртқа жағыну үшін жасамайтынын айтты.
"Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті", - деді президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1960993-prezident-elimizde-konstituciyalyq-sot-qurudy-usyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.