"БАҚ туралы заңды қайта қарау қажет": Тоқаев журналистердің жұмысына тоқталды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықына жолдауында БАҚ туралы заңды қайта қарау керектігін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды.
Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуы қажет. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты", - деген мемлекет басшысы ашық ақпарат алаңын құруға көңіл бөлді.
"Мемлекет ашық ақпараттық алаңын құруға айрықша көңіл бөледі. Билік пен халық арасындағы коммуникацияның тиімді арнасы болып табылатын сұранысқа ие және мықты медиа.
БАҚ өзекті мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. Бірақ бұны үлкен азаматтық жауапкершілікпен атқаруы тиіс", - дейді президент.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы өз сөзінде сыртқы тапсырыспен жұмыс істейтін журналистер туралы айтты. Оның айтуынша, бұлай жұмыс істеу қоғамның полимерленуіне ықпал етеді.
"БАҚ саяси кландардың жасырын күресіне қатысатын көлеңкелі төлемдер үшін жұмыс істемеуі керек. Журналистер өз елі мен оның азаматтары үшін шын жүректен алаңдауы керек.
БАҚ-ты босқа төртінші билік деп атамайды. Сіздер адамдардың ақыл-ойы мен жүрегіне әсер етуіңіз керек", - деп баса айтты Тоқаев.
Одан бөлек, БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізу қажеттігі сөз болды.
"Әрі қарай демократиялық қайта құру тәуелсіз және жауапты БАҚ-тарсыз мүмкін емес деп сенемін. Сондықтан мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарыстыру қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961000-baq-turaly-zandy-qaita-qarau-qazet-toqaev-zurnalisterdin-zumysyna-toqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.