Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын

Жарияланған күні:

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп.

Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады.

Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетерлігі, мемлекет басшысы бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында Семей аумағында Абай облысын, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды ұсынды.

"Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған.

Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961005-qasym-zomart-toqaev-almaty-oblysyn-ekige-boludi-usynamyn/