Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы: Жыл соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: facebook.com / Берік Уәли

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған жолдауында бүгінгі бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертетінін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Менің бүгінгі бастамаларым өте ауқымды. Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді.

Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек", - деді президент.

Еске сала кетсек, Тоқаев Семей аумағында Абай облысын, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды ұсынған болатын.

Одан бөлек, президент Алматы облысын Жетісу және Алматы облысы деп екіге бөлуді ұсынған еді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынатынын айтты.

"Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынғалы отырмын. Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген", - деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961006-toqaev-bugingi-bastamalar-elimizdin-sayasi-zuiesi-men-akimsilik-aumaqtyq-qurylymyn-edauir-ozgertedi/

pixel