Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бозымбаев Алматы облысының екіге бөлінуіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қанат Бозымбаев
Қанат Бозымбаев. Фото: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірді екіге бөлуге қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл мен үшін де жаңалық болды. Қай аудандардың қай облысқа өтетінін қарау қажет. Бірақ басқару тұрғысынан алғанда жеңілірек болады", - деді Қанат Бозымбаев.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған жолдауында Алматы облысының Жетісу және Алматы облысы болып екіге бөлінетінін айтты.

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы, ал Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болмақ.

Осы ретте, президент егер жұртшылық Қапшағайға халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынса, онда бұл ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Семей аумағында Абай облысын, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961019-bozymbaev-almaty-oblysynyn-ekige-bolinuine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel