Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Жаңа құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар

Опубликовано:

Мемлекет басшысы
Фото: Telegram/Bort N1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа құрылатын облыстардың атауына тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жалпы, жаңа облыстардың құрылуы көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе. Кезінде облыс мәртебесінен айрылған өңірлерде тұрғындар саны азайып, тұрмыс сапасы төмендеп кеткені жасырын емес. Осы олқылықтың орнын толтыратын кез келді. Әкімшілік-аумақтық өзгерістер мемлекеттік басқару үдерісін жеңілдетеді.

Жұртың облыс орталығына барыс-келісін оңайлатады. Ішкі көші-қон мәселесін реттеуге септігін тигізеді.

Жаңа құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар.

Біз ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Алматы облысын екіге бөлу туралы ұсынысын айтқан болатын.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Семей аумағында Абай облысын, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961032-toqaev-zana-qurylatyn-oblystardyn-abai-ulytau-zetisu-dep-ataluynda-erekse-man-bar/

pixel