Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Заң шығару құқығы мәжіліске беріледі

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мәжіліске заң шығару құқығын беруді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Президенттің пікірінше, сенат шын мәнінде ел өңірлерінің мүдделерін көздейтін палатаға айналуы керек, ал бұл оның өкілеттіктерін реформалауды талап етеді.

"Конституцияға сәйкес, сенат мәжіліс мақұлдаған заң жобаларын қабылдауға немесе қабылдамауға құқылы. Яғни жоғарғы палата қарсылық білдірген жағдайда, мәжілістің оған іс жүзінде әсер етуге мүмкіндігі жоқ. Әлдеқайда теңдестірілген парламенттік жүйені қалыптастыру үшін бұл тәжірибені қайта қарау қажет", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда мемлекет басшысы мәжіліске заң шығару құқығын беруді ұсынды.

"Сенатқа тек мәжіліс қабылдап қойған заңдарды мақұлдау-мақұлдамау құқығын беруді көздейтін норманы енгізу орынды деп есептеймін. Демек заң шығару құқығы мәжіліске беріледі", - дейді мемлекет басшысы.

Президент сенат өкілеттігіне де өзгерістер енгізу қажет деген пікірде.

"Сенаттың өкiлеттiгi өз кезегiнде конституциялық кеңес пен жоғары сот кеңесiнiң төрағалары лауазымдарына кандидаттарды қарастыру құқығымен толықтырылсын", - дейді ол.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет екенін жеткізді.

"Осы орайда, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын. Оның төрағасы мәжіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беруге тиіс. Осылайша, мәжілістің мәртебесі арта түседі", - дейді мемлекет басшысы.

Одан бөлек, президент жолдау кезінде мәслихат төрағасы лауазымын енгізу ұсынысын көтерді. Оның сөзінше, азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн.

"Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961051-toqaev-zan-sygaru-quqygy-maziliske-beriledi/