Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ басшысы президентке қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеу барысы жайлы айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрі
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Марат Ахметжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал, сондай-ақ, қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеу ісі, кінәлілерді анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндаған.

Президентке ұсынылған мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 2 988 қылмыстық іс қаралуда, 188 іс бойынша айыпталу актісі шыққан, оның 166-сы сотқа жіберілген.

Ішкі істер министрінің айтуынша, тоналған қаруды заңсыз айналымнан қайтарып алу бойынша да жұмыс жүргізілуде.

Марат Ахметжанов мемлекет басшысына ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы да ақпарат берген. Оның ішінде полиция жұмысын бағалау жүйесін қайта қарау, бюрократияны жою, сотқа дейінгі іс жүргізу процесін оңтайландыру, сонымен бірге, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту шаралары бар.

Одан бөлек, ІІМ басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудағы жаңа тәсілдер, мамандармен жұмыс істеудің тиімділігін арттыру, цифрландыру есебінен меритократия қағидаттарын және процесстердің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде баяндаған.

Сонымен қатар, ол мемлекет басшысына қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту, құқықтық тәртіпті және сотталғандар отыратын жәйді жақсарту және оларды қайта әлеуметтендіру жөнінде ақпарат берген.

Кездесу қорытындысы бойынша президент  министрге еліміздегі құқықтық тәртіптің деңгейін одан әрі арттыру, ішкі істер органдарының қызметін сервистік модельге өткізу бойынша бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961538-toqaev-iski-ister-ministrin-qabyldady/

pixel