jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Марат Жүндібаев
    Фото: kstnews.kz

    Марат Жүндібаев Қостанай қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми сайты.

    "Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

    Ал осыған дейін қала басшысы болған Қайрат Ахметов берген өтінішіне сәйкес өз қалауы бойынша қызметінен босатылған. Архимед Мұхамбетов Қайрат Ахметовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтқан.

    Қаланың жаңа әкімі Марат Жүндібаевқа келсек, ол Қостанай ауданы Новоселов ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар.

    20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

    Соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.