Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Елтаңба авторын мерейтойымен құттықтады

Опубликовано:

Жандарбек Мәлібекұлы мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Биыл - Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл. Ал бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлының мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі", - дейді Берік Уәли.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1961911-prezident-sauletsi-zandarbek-malibekulyn-mereitoiymen-quttyqtady/

pixel