Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ украиналық 100 мың босқынды қабылдайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

АҚШ украиндық 100 мың босқынды қабылдайды
Көрнекі фото: pixabay.com

Америка құрама штаттары Украинадан келген 100 мың босқынды қабылдауға әзір. Басымдылық елде туысы бар адамдарға беріледі. Бұл туралы Ақ үй өз ресми сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз АҚШ-та туыстары тұратын украиналықтарды қабылдауға баса назар аудара отырып, жаңа бағдарламаларды кеңейту және әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - делінген хабарламада.

АҚШ және Еуроодақ елдері Украинаға қолдау көрсету үшін өз іс-қимылдарын бірлесіп үйлестіруде. Сонымен қатар, Джо Байден әкімшілігі украиналықтарға гуманитарлық көмек ретінде бір миллиард доллар бөлуге дайын екенін мәлімдеді.

"24 ақпаннан бастап Америка құрама штаттары көрші елдер мен Еуропалық Одақтың миллиондаған босқындарын қабылдау және орналастыру жөніндегі жұмысына қосымша 123 миллион доллардан астам қаражат берді", - делінген хабарламада.

Бұл сомаға Польша үшін бөлінген 48 млн, Молдова үшін бөлінген 30 млн, Румынияға бөлінгеү 10 млн, Венгрияға 9 млн және Словакия үшін бөлінген 4 млн кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962067-aqs-ukrainalyq-100-myn-bosqyndy-qabyldaitynyn-malimdedi/

pixel