Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық экономика министрі: Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жұмысы басталып кетті

Жарияланған күні:

Әлібек Қуантыров
Фото: primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында ел президентінің 16 наурыздағы халыққа жолдауындағы жалпы ұлттық іс-шара жоспарының жобасын ұсынды. Министр Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру бойынша жұмыстың басталып кеткенін мәлімдеді.

Министрлік әзірлеген жоба 10 бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды. Олар елдің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгертуге, дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шараларды қабылдауға бағытталған.

Ұлттық экономика министрі елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру бойынша бес іс-шара іске асырылатынын атап өтті. Олардың бірі - жолдауда айтылған жаңа облыстарды құру жұмысы.

"Бүгінгі күні Ұлттық экономика министрлігі Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру бойынша жұмысты бастап кетті. Биыл 25 наурызда премьер-министрдің өкімімен аталған облыстарды қалыптастыру үшін комиссия құрылды. Комиссияның міндеті - жаңа өңірлерді құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде мемлекеттік органдардың ведомство аралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ жауапты орындаушыларды және іске асыру мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан республикасының әкімшілік-аумақтық кейбір мәселелері туралы президент жарлығын қабылдау жөнінде жұмыс алгоритмі әзірленді", - деді баяндама барысында Әлібек Қуантыров.

Жұмыс алгоритм ұйымдастырушылық, дайындық және жедел іс-шаралар тізбесін қамтитын болады. Министр аталған алгоритм облыс әкімдіктерінің назарына жеткізілгенін айтты.

Атап айтқанда, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруды көздейтін "Әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" президент жарлығының жобасы әзірленген.

Жұмыс алгоритмі ұйымдастырушылық, дайындық және жедел іс-шаралар тізбесін қамтитын болады. Министр аталған алгоритм облыс әкімдіктерінің назарына жеткізілгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962447-ulttyq-ekonomika-ministri-abai-zetisu-zane-ulytau-oblystaryn-quru-zumysy-bastalyp-ketti/