Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билік баға белгілеудегі өзара келісіп алу фактілерін қалай тергеп жатыр: Ақорда жауап берді

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақорда "BORT N1" ресми Telegram каналында елдегі бағаны келісіп алу фактілерінің тергелуі туралы жазба жарияланды.

Хабарламада 5 қаңтар күні мемлекет басшысы бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізуді тапсырғаны айтылған.

"Бас прокуратураға Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізуді тапсырамын", - деген еді президент.

Ақорданың баспасөз қызметі жүргізілген жұмыстардың нәтижесі туралы айтты. Мәселен, сұйытылған мұнай газын жеткізуші алты ірі көтерме сауда компаниясына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар:

  • Сұйытылған мұнай газын сатушылар үстемдік жағдайын пайдалана отырып, ең жоғары бағаны белгілеуді көздегені анықталды;
  • "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-не әкімшілік айыппұл салу туралы сот шешімі шығарылды (шешім күшіне енген жоқ);
  • "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ мен "СП Қазгермұнай" ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды және сотқа берілді;
  • "Petrosun" ЖШС мен "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС-не қатысты қылмыстық іс қозғалып, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ға қатысты іс материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді;
  • "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС іс-әрекеттерінде сұйытылған мұнай газын сату кезінде негізсіз қысқарту фактілері анықталды;
  • Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 193 субъектіге қатысты, оның 89-на Бас прокуратурамен бірлесіп тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр;
  • Нарықтағы 65 субъектінің ісінде келісілген әрекеттер және картельдік сөз байласу фактілері анықталды;
  • Нарықтағы 45 субъектіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Салынған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы – 92 миллион теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962477-bilik-eldegi-bagalyq-soz-bailasu-faktilerin-qalai-tergep-zatyr-aqorda-zauap-berdi/

pixel