Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерұлан Жамаубаев премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Ерұлан Жамаубаев
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерұлан Жамаубаевты премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.

Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, "Қаржы және кредит", 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

  • 1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы.
  • 1998-2006 жылдары Ұлттық банк Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;
  • 2006-2014 жылдары Ұлттық банктің үйлестіру департаментінің директоры;
  • 2014-2015 жылдары "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі" АҚ-ның басқарушы директоры;
  • 2015 жылғы шілде мен қараша аралығында Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
  • 2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында -  Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;
  • 2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында президент көмекшісі;
  • 2019 жылдың наурыз айынан бастап Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.

2020 жылы еліміздің Қаржы министрі болды. 2022 жылы ол бұл қызметке қайта тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962625-erulan-zamaubaev-premer-ministrdin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/