Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сессиясын шақырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы және отыз бірінші сессиясын шақыру туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясы 2022 жылғы 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.

Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында "Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі" күн тәртібімен шақырылсын", - делінген құжатта.

Сондай- ақ құжатта үкіметке ассамблеяның екі сессияын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962650-prezident-qxa-otyzynsy-sessiyasyn-saqyru-turaly-quzatqa-qol-qoidy/

pixel