Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі депутат ауыл шаруашылығы банкін құруды ұсынды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы аграрлық сала еңбеккерлерін қаржылай қолдауды күшейту үшін елімізде ауыл шаруашылығы банкін құруды ұсынды. Ол бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп жазады BAQ.KZ.

Оның сөзінше, еліміздегі ауыл шаруашылық өндірушілері Евразиялық экономикалық одаққа енген Ресей, Беларусь елдерінің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен бәсекеге түсе алмай отыр.

Өйткені, бұл елдердің шаруаларының жері мен мүлкін кепілдікке алып, ұзақ мерзімге арзан несие беретін, бөлімшелері барлық аудандарда орналасқан Агробанктері жұмыс жасайды.

"Осы кезге дейін Парламент қабырғасында бірнеше рет көтеріліп, бірақ шешімін таппай жатқан біздің елімізде де осындай арнайы мамандандырылған ауыл шаруашылық банкін ашу мәселесін қарап, оның оң шешілуін бүкіл шаруалар күтіп отырғанына назарыңызды аударғымыз келеді", - деді Мұрат Бақтиярұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1962951-belgili-deputat-auyl-saruasylygy-bankin-qurudy-usyndy/

pixel