Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев күні кеше премьер-министрдің орынбасары болған Ерұлан Жамаубаевты қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерұлан Жамаубаев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ерұлан Жамаубаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында мемлекет басшысы үкіметтің қаржы-экономикалық салада атқарып жатқан жұмыстарының негізгі бағыттары туралы есебін тыңдады.

Ерұлан Жамаубаев президенттің тапсырмаларына сәйкес кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан жедел әрі жүйелі шаралар туралы айтты.

Сондай-ақ шетелдегі қаржыны қайтаруды және елден ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылдардың нақты тетіктері пысықталып жатқанын мәлім етті.

Қаржы министрі Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қаржының қазіргі жағдайы, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы да ақпарат берді.

Одан бөлек Ерұлан Жамаубаев экономиканы монополиядан арылту және 2022 жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы да баяндады.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдаған болатын.

Қошанов мемлекет басшысына мәжілістің атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963019-toqaev-premer-ministrdin-orynbasary-erulan-zamaubaevty-qabyldady/

pixel