Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президентке ҰҚК-нің бұрынғы басшылығына қатысты тергеу қалай жүріп жатқаны баяндалды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы мен Ермек Сағымбаев11
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

ҰҚК төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар Ермек Сағымбаев президентке қылмыстық істерді, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығына қатысты істерді тергеп-тексеру барысы жөнінде баяндады.

Сағымбаевтың сөзінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қабылдаған шаралардың нәтижесінде 1769 қару, 273 граната және 49 303 оқ-дәрі, соның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар заңсыз қолданыстан алынған.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес аясында 6 есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылып, 10 халықаралық және 11 өңірлік есірткі каналы жойылған. 404,5 келі көлемінде есірткінің бірнеше түрі мен 2 тоннадан астам прекурсор тәркіленген.

Мемлекеттік шекараны қорғау саласында тәртіп бұзған 2225 адам ұсталған.

500 миллион теңгеден асатын валютаның, сондай-ақ құны 1,3 миллиард теңге болатын халық тұтынатын тауарлардың және жалпы сомасы 25 миллион теңге болатын жанар-жағармайдың заңсыз айналымына тосқауыл қойылған.

Одан бөлек аумақтық су режиміне қатысты 57 заң бұзушының әрекеті тоқтатылып, 98,7 шақырымды қамтитын браконьерлік заттар тәркіленген.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевқа ҰҚК органдарының жұмысын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963200-ermek-sagymbaev-prezidentke-uqk-buryngy-bassylygyna-qatysty-tergeu-qalai-zurip-zatqanyn-bayandady/

pixel