Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан президенті мен Қатар әмірі бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Опубликовано:

Қазақстан президенті мен Қатар әмірі
Қазақстан президенті мен Қатар әмірі. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгіме басында екі елдің басшылары бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Сондай-ақ көшбасшылар Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, оны одан әрі қарай дамытудың қолайлы перспективалар бар екенін атап өтті.

Тараптар өзара сауда-саттықтың оң қарқынын одан әрі сақтауға және инвестициялық жобаларды, соның ішінде банк және қаржы салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін нақтылады.

Қазақстан президенті Қатардың жетекші бизнес өкілдерін экономиканың басты салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсене атсалысуға шақырды.

Қатар Әмірі көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін айтып, осы бағытта нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын дайындау үшін ресми өкілдерін жіберуге ниетті екенін жеткізді.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен те телефон арқылы сөйлескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963633-qazaqstan-zane-qatar-prezidentteri-birin-biri-qasietti-ramazan-aiynyn-bastaluymen-quttyqtady/

pixel