Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЭКСПО-2020: Тоқаев Абу-Дабидің тақ мұрагерін көрменің сәтті өтуімен құттықтады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан президенті мен Абу-Дабидің Тақ мұрагері бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды Дубайда өткен ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесінің сәтті өтуімен құттықтады.

Әңгімелесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың даму перспективаларына ерекше назар аударылды.

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екенін нақтылады.

Атап айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытатыны жөнінде айтылды.  

Әңгімелесу соңында Қазақстан президенті Абу-Дабидің Тақ мұрагерін биыл елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963839-toqaev-pen-abu-dabidin-taq-murageri-birin-biri-ramazan-aiynyn-bastaluymen-quttyqtady/

pixel