Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.
Еңбек жолын "Казахойл-коммерция" ЖШС-да мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы;
2008-2013 жылдары Шиелі ауданының әкімі;
2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болған.
2021 жылғы 1 сәуірден бүгінге дейін премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Айта кетейік, бүгін 7 сәуірде президент жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысы әкімі қызметінен босатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963956-nurlybek-nalibaev-qyzylorda-oblysynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.