Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Гүлшара Әбдіқалықова
Фото: gov.kz

Президент жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы 1965 жылы дүниеге келген.

1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас инспекторы қызметінен бастаған.

1995-2003 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты қызметтер атқарған.

Одан бөлек 2003 - 2005 жылдары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2005 - 2006 жылдары - "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы;

2006 - 2007 жылдары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2007 - 2008 жылдары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

2008 - 2009 жылдары – президент кеңесшісі;

2009 - 2012 жылдары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

2012 - 2013 жылдары – президент кеңесшісі;

2013 - 2014 жылдары - премьер-министрдің орынбасары;

2014 - 2019 жылдары - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы;

2019 жылдың ақпанынан 2019 жылдың тамызына дейін – премьер министрдің орынбасары сынды түрлі лауазымды қызметтер атқарған.

2019 жылдың тамызынан бастап парламент мәжілісінің депутаты, 2008-2020 жылдар аралығында президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болды.

2020 жылдың 28 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысын басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1963955-gulsara-abdiqalyqova-qyzylorda-oblysynyn-akimi-lauazymynan-bosatyldy/

pixel