Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Серік Шәпкенов
Серік Шәпкенов. Фото: strategy2050.kz

Президент жарлығымен Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын", - делінген мемлекет басшысы қол қойған құжатта.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған.

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-математик" мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді. 

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 

2016-2018 жылдары Атырау қаласының әкімі болып жұмыс істеді.  

2018-2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2020-2021 жылдары Еңбек және халықты әлеуметті қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап бүгінге дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964012-serik-sapkenov-atyrau-oblysynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/