Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Махамбет Досмухамбетов
Махамбет Досмухамбетов. Фото: instagram.com/m.dosmukhambetov_online

Президент жарлығымен Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген.

Еңбек жолын 1983 жылы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын бітіргеннен кейін бастаған.

Әр жылдары "Ембімұнай" бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының аудандық инженерлік-технологиялық қызмет экспедициясының геологы, аға геологы, бас геологы, "Доссорнефть" МГӨБ геологиялық бөлімінің бастығы, "Ембімұнай" ӨБ, "Макатнефть" МГӨБ бас геологы, "Ембімұнай" ӨБ, "Ембімұнайгаз" АҚ геологиялық бөлімінің бастығы, "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ геология департаменті директорының орынбасары, директоры болып қызмет еткен.

Сондай-ақ 2002-2006 жылдары "ҚазМұнайГаз "ҰК" ЖАҚ мұнай-газ кен орындарын игеру және Геология департаментінің директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК ЖАҚ қолданыстағы келісімшарттар мониторингі департаменті директорының орынбасары, "ҚазМұнайГаз "ҰК" ЖАҚ үлестерді басқару департаменті директорының орынбасары, "ҚазМұнайГаз "Барлау Өндіру"АҚ Геология және әзірлеу департаментінің директоры болды.

Сонымен бірге "Маңғыстаумұнайгаз"АҚ бас директорының геология және әзірлеу жөніндегі орынбасары, "Маңғыстаумұнайгаз"АҚ бас директорының бірінші орынбасары, "Ембімұнайгаз" АҚ бас директоры болды.

Одан бөлек, Досмұхамбетов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының ірі жобалар бойынша орынбасары, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Басқарма мүшесі, Энергетика бірінші вице-министрі болды.

Ал Атырау облысының әкімі қызметіне 2019 жылғы 18 желтоқсанда тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964016-maxambet-dosmuxambetov-atyrau-oblysynyn-akimi-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel