Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Бүгін президент жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды.

Тоқаевтың өкімімен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ал Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне келді.

Сондай-ақ, президент Атырау, Жамбыл және Қызылорда облысын басқарған Махамбет Досмұхамбетовке, Бердібек Сапарбаевқа және Гүлшара Әбдіқалықоваға ризашылығын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964030-toqaev-sygys-onirlik-qolbassylygy-askerlerinin-qolbassysyn-tagaiyndady/

pixel