Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыртқы істер министрі: Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылуға ниетті емес

Опубликовано:

Мұхтар Тілеуберді
Мұхтар Тілеуберді. Видеодан кадр: Хабар 24

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында Қазақстан Ресейге қарсы санкциялық қысымға қосылуды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұхбат басында жүргізуші Тілеубердіден Ресей-Украина қақтығысында Қазақстанның ұстанымы қандай екенін сұрады.

Бұған жауап берген министр Қазақстан - бір кездері ядролық қарудан бас тартқан бейбіт мемлекет екенін атап өтті.

Тілеубердінің сөзінше, Қазақстан Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстың келіссөздер мен дипломатия арқылы бейбіт жолмен шешілуін қолдайды.

Сондай-ақ министр Қазақстан екі ел арасындағы келіссөздерді мұқият бақылап отырғанын атап өтті.

"Біз келіссөздер соғыс қимылдарын одан әрі тоқтатуға, Донбасстың мәртебесін анықтауға және санкциялық қысымды алып тастауға ықпал ететініне шын жүректен сенеміз", - деді Мұхтар Тілеуберді.

Сонымен қатар ол Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен салынған санкцияларды қоспағанда, санкцияларды мемлекетаралық қарым-қатынаста қысым жасау құралы ретінде қолдануға қарсы екенін мәлімдеді.

"Кез келген экономикалық немесе саяси санкцияларды қолдану, тәжірибе көрсеткендей, халықаралық даулар мен қақтығыстарды шешудің ең тиімді жолы емес. Сондықтан Қазақстан Ресей Федерациясына қарсы санкциялық қысымға қосылып, Ресейдің мүддесіне қандай да бір нұқсан келтіретін және біздің серіктестікке қайшы келетін қадамдар жасауға ниетті емес", - деді министр.

Тілеубердінің сөзінше, Қазақстан санкциялардан айналып өтпек емес. Осы ретте үкімет санкциялардың экономикамызға тигізетін ауыр зардаптарының алдын алуға бар күшін салуда.

"Өзінің ұлттық мүдделерін қорғай отырып, Қазақстан бұл санкциялардың экономикамыздың дамуына айтарлықтай әсерін тигізбеуі үшін бар күшін салуда. Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі осы мәселелер бойынша біздің батыстық әріптестерімізбен кеңесіп жатыр.

Екінші реттік санкцияларды болдырмау және олардың біздің халыққа, тауар өндірушілерге, экспорттаушыларға кері әсерін барынша азайту мақсатында Қазақстан санкцияларды айналып өту үшін қандай да бір мақсатты қадамдар жасауға ниетті емес.

Бұл ретте Қазақстан ЕАЭО және ДСҰ-ның толыққанды мүшесі бола отырып, Ресей Федерациясымен және басқа да елдермен сауда қатынастарын дамытуды жалғастырады", - деді Мұхтар Тілеуберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964045-syrtqy-ister-ministri-qazaqstan-reseige-qarsy-sankciyalarga-qosyluga-nietti-emes/

pixel