Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйістер жасады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйістер жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген президент қол қойған құжат мәтінінде.

Сондай-ақ, бұған дейін Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінде болған Шахрат Нұрышевтің лауазымынан босатылғаны туралы Жарлық та жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген ресми құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964137-toqaev-syrtqy-ister-ministrliginde-kadrlyq-auys-tuiister-zasady/

pixel