Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ: АҚШ санкциялардың Қазақстан экономикасына әсерін азайтуға тырысады

Опубликовано:

Фото
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде АҚШ мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зеямен болған кездесуде америкалық тарап Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға ықпалын жеңілдету үшін шаралар қабылдап жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дипломат Узра Зея АҚШ үшін Қазақстан Орталық Азияның гүлденуі мен тұрақтылығын сақтауда өте маңызды екенін айтты.

"Қазір Ресейдің Украинаға әділетсіз басып кіруіне байланысты халықаралық дағдарыспен бетпе-бет келіп отырмыз. Біз Ресейге қарсы бірқатар санкция ұсынған халықаралық қауымдастықтың жедел жауабын көрдік және ол одақтастары Қазақстанды қоса алғанда серіктес елдерге ықпалын азайтуға бағытталған", - деді спикер.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин ел үкіметі АҚШ өкілдерімен белсенді түрде келіссөз жүргізіп жатқанын атап өтті.

"СІМ мүдделі тараптар, оның ішінде экономика және қаржы салаларына қатысы бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан тарапынан "Атамекен" ҰКП өкілдері, АҚШ тарапынан – елшілік, мемлекеттік департамент өкілдері арасында бірнеше келіссөз өткізді. Қазақстанда аккредиттелгендей, дәл солай Вашингтонда да.

Және осы консультациялар барысында біздің тарапқа осы санкциялар кезінде өзімізді қалай ұстауымыз керектігі жөнінде жан-жақты жауап берілді.

Расында да, америкалық тарап біздің нарықтың тәуелді екенін, өзара тәуелді экономика бар екенін түсінеді және американдық тарап бұл санкциялардың Қазақстан экономикасына әсерін барынша азайтуға тырысуда", - деді министрдің орынбасары.

Еске сала кетсек, 8 сәуірде Еуроодақ кеңесі Ресейге қарсы бесінші санкциялар пакетін енгізгенін ресми түрде жариялады. Бұған қоса, Литва Сыртқы істер министрі Габриелиус Ландсбергис Еуроодақ елдері Ресейге қарсы алтыншы санкциялар пакетін талқылауды бастағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964481-sim-aqs-sankciyalardyn-qazaqstan-ekonomikasyna-aserin-azaituga-tyrysady/

pixel